"Каспий жағалауында қолтырауын жүр": Желідегі қызу талқыға түскен видеоға мамандар пікір білдірді
Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Әлеуметтік желіде Каспий жағалауында қолтырауын жүзіп жүр деген видео тарады, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі.
Желі қолданушылары да бұл ақпаратты шын деп ойлап, видео желіде қызу талқыға түсті.
Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов бұл ақпаратты жоққа шығарды. "Видеоның Каспийде түсірілуі мүмкін емес. Өйткені қолтырауын тұщы суда өмір сүреді. Ол Африка сияқты ауа райы жылы, тропиктік және субтропиктік аймақтарда мекендейді. Қолтырауындар біздің климатқа бейімделе алмайды. Сондықтан мұқият талдай отырып, видеодағы ақпараттың жалған екенін айта аламыз", – деді Ғаббас Досатов.