Ақтөбеде жаңа туған баласын қоқысқа тастаған әйел қылмыстық жауапкершіліктен босады
Қылмыстық істің болғанына алты ай уақыт болған
Ақтөбеде қоқыс полигонынан шақалақ табылып, қылмыстық іс қозғалғанымен, арада 6 ай өткенде іс жабылды. Себебі бала өлі туған, деп хабарлайды "КҮН.КЗ" тілшісі ҚазАқпарат -қа сілтеме жасап. Оқиға 2022 жылдың 23 қазан күні Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында болды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарғалы ауданы полициясының кезекші бөліміне Қарғалы ауданы Бадамша ауылы маңындағы «Рождество-Дөң» тасжолының бойында орналасқан қоқыс полигонынан қара полиэтилен пакеттен шақалақтың денесі табылғаны анықталды.
Арада 6 ай уақыт өткенде істің қысқарғаны белгілі болды.