"Сахнада жүрмейсің" деді: Актриса Фариза Ескермес өзге ұлттың жігітін таңдауының себебін айтты
Маған адамның ұлты маңызды емес, дейді әнші.
Өнер иесінің айтуынша, өзге ұлттың жігітін таңдауына махаббат себепші болған. "Ол менің өнерімді, болмысымда қабылдай білді. Маған қарсы келмеген. Әрдайым менің сөзімді тыңдайтын, сыйлайтын, қолдайтын және қолпаштайтын азамат. Сол мінезіне мен ғашық болдым", дейді актриса. Сондай-ақ, ол өзіне қазақ жігіттері ұсыныс жасағанын, бірақ өнеріне қарсы болғанын айтады. "Қазақ жігіттері өнеріме түбегейлі қарсы болды. Киноға түспейсің, сахнада жүрмейсің деді. Ал жігітімнің өнерге мүлдем қатысы жоқ. Ол концерт, той-томалақтарды ұйымдастырушы", -дейді өнер иесі. Фаризаның айтуынша, екеуін ортақ достары таныстырған. "Достарымыз таныстырды, екеумізді жүрсін деп емес, жай таныстырған. Карантин кезенде жай кездесу болды, сол кезде таныстық. Бірінші оның сезімі оянған. Сосын сөйлесепі, жақсы араласып кеттік. Жарты жыл дос болып жүрдік, одан кейін сезім пайда болды", - дейді ол.