Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда бес көлік апатқа ұшырап, екі бала зардап шекті

Алматыда бес көлік апатқа ұшырап, екі бала зардап шекті
ашық дереккөз
Жедел жәрдем келгенімен, зардап шеккен екі адам ауруханаға жатудан бас тартты.
Алматыда Саин көшесі бойында Төле би көшесіне жетпей ірі жол апаты болды, деп хабарлайды оқиға куәгерлері Sputnik агенттігіне. Оқиға куәгерлері мен жүргізушілердің айтуынша, Toyota Camry Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатады. Төле би көшесіне жетпей, жүргізуші жылдамдығын ақырындата бастаған, ал оның артынан келе жатқан Mitsubishi Galant бар жылдамдығымен Toyota Camry көлігін соққан. Содан соң жүргізушілер көліктен шығып, оқиғаның мән-жайын талқылап жатқанда, солтүстік бағытта келе жатқан тағы бір Mitsubishi Galant апатқа ұшыраған Mitsubishi Galant көлігін қағып, сол жақ шеткі жолаққа ығыстырып жібереді. Сол кезде ол жолақта Lexus LX 470 келе жатқан. Ол Mitsubishi Galant пен Toyota Camry көліктерін соғып барып тоқтайды, ал екінші Mitsubishi Galant жол апаты орнынан кетіп қалған. Кейінірек солтүстік бағытта Mercedes-Benz C-Class келе жатып, жолдағы адамдарды көріп, тежегішті басады, бірақ су асфальтқа тайғанап, бар жылдамдығымен Mitsubishi Galant көлігіне соғылады, ал ол өз кезегінде Toyota Camry көлігін қайта қағады. Оқиға салдарынан Mitsubishi Galant көлігінде отырған екі бала зардап шекті.
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар