Басты жаңалықтар
"Өздерің күресіңдер!": Заңгер Айгүл Орынбек әділдік іздегендерге ескерту жасады
- автор kyn.kz
- 20 сәуір, 2023
- 776
Заңгер: Көздерің ашылатын уақыт келді емес пе?
Айгүл Орынбек алаяққа алданып, өзінен көмек сұрап хабарласқандар туралы әлеуметтік желедегі парақшасында ашына жазды. Заңгер енді әділдік іздегендердің мәселесін шешпейтінін атап өтті, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі. "Негізі жеңіл жұмысқа, біреуді пайдаланып кетуге, арзан дүниеге жақын халық болып барамыз. Тегін тамақ десең, сол бір күндік тамаққа өмір бақи тойып жүретін адамдай таласамыз. Үш күннен бері алаяққа пәленбай миллионға алданып қалғандар хабарласып жатыр. “Көтеріңізші,”, “қолға алыңызшы” сіз көмек беру керексіз ғой деп. Айналайындар-ау соларға ақша аударып жатқанда менен сұрап пе едіңдер? Мен не үшін бұл мәселеге энергиямды құртып шаршап жүгіре беруім керек. Көздерің ашылатын уақыт келді емес пе?", - дейді ашынған заңгер.
Айгүл Орынбек жеңіл ақша тапқысы келіп, алаяқтарға алданып қалғандарға ақшаларың үшін өздерің күресіңдер деп кеңес берді. "Құзырлы органдар бар арыз жазыңдар, жүгіріңдер, шаршаңдар, құқықты сауатты болыңдар. Сосын маған келгенде ақылды болып “Біз халықпыз ғой” деген сөзді маған айтып қажеті жоқ. Мен де сендер сияқты халықтың бірімін. Тағы ескерте кететін дүние мен ешқандай сетевой компанияда емеспін. Ешқандай компанияны жарнама жасамаймын! Қәзір кез келген атақты адамның аты-жөнін пайдаланатын алаяқтар бар. Егер менің атымды көрдің бе? Бірден парақшамды ашып қара, егер жарнама жоқ па, яғни менің атымды пайдаланып отырғандар алаяқтар. Сосын әділдік іздеп жүрсіңдер ме, “Әділдік іздеймін” деген арнайы ақылы бағдарлама ашылған. Сол бағдарлама менеджеріне хабарласыңыздар!", - деп жазды ол.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024