"Өздерің күресіңдер!": Заңгер Айгүл Орынбек әділдік іздегендерге ескерту жасады
Заңгер: Көздерің ашылатын уақыт келді емес пе?
- дейді ашынған заңгер. Айгүл Орынбек жеңіл ақша тапқысы келіп, алаяқтарға алданып қалғандарға ақшаларың үшін өздерің күресіңдер деп кеңес берді. "Құзырлы органдар бар арыз жазыңдар, жүгіріңдер, шаршаңдар, құқықты сауатты болыңдар. Сосын маған келгенде ақылды болып “Біз халықпыз ғой” деген сөзді маған айтып қажеті жоқ. Мен де сендер сияқты халықтың бірімін. Тағы ескерте кететін дүние мен ешқандай сетевой компанияда емеспін. Ешқандай компанияны жарнама жасамаймын! Қәзір кез келген атақты адамның аты-жөнін пайдаланатын алаяқтар бар. Егер менің атымды көрдің бе? Бірден парақшамды ашып қара, егер жарнама жоқ па, яғни менің атымды пайдаланып отырғандар алаяқтар. Сосын әділдік іздеп жүрсіңдер ме, “Әділдік іздеймін” деген арнайы ақылы бағдарлама ашылған. Сол бағдарлама менеджеріне хабарласыңыздар!", - деп жазды ол.