Басты жаңалықтар

Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол әкесін сотқа берді

Қазақстан экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың тұңғыш ұлы Нұрбол Назарбаев туған әкесіне қарсы сотқа арызданды. Бұл туралы NewsRoom99telegram-арнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, меценат Болат Назарбаев енді тек билікпен ғана емес, өз отбасымен де соттасуда. Оның бірінші әйелі дүниеге әкелген тұңғыш ұлы Нұрбол Назарбаев әкесі мен бұрынғы әйелі Гүлнұр Дүйсебаеваны сотқа берді. Нұрбол Назарбаев азаматтық соттан өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды және Болат Назарбаевтың Гүлнұрмен некесін жарамсыз деп тануды сұрайды. Айта кетейік, Болат Назарбаевтың үлкен ұлы Нұрбол Назарбаев құқық қорғау органдарында ұзақ жылдар қызмет атқарып, полиция полковнигі шеніне дейін көтерілді. Оның көптеген мемлекеттік наградалары бар. Дегенмен, Нұрбол соңғы жылдары кәсіппен айналысып, тіпті жетістікке жетіп жүр. 2022 жылы Forbes журналы оны қазақстандық ең бай 50 бизнесменнің қатарына қосқан.

 width=
Нұрбол осыдан бір ай бұрын Болат Назарбаевтың бұрыңғы әйелі Гүлнұр Дүйсебаеваны сотқа берген. Ол соттан олардың некесін заңсыз деп тануды талап етті. Ал Дүйсебаева қарсы талап қойды – ол күйеуімен бірлесіп сатып алған екі автокөліктен пайда, сондай-ақ моральдық шығын мен балаларына алимент өндіру үшін 10 миллион теңге талап етті. Сот оның талабын ішінара қанағаттандырды: Назарбаев табысының ¼ бөлігін балаларына төлеуге міндеттелді. Ал олардың некелері Назарбаев бір мезгілде үш әйелге үйленсе де, заңды деп танылды. Болат Назарбаевты тіпті енесі Тұрақан Құрманғалиева да сотқа берді. Ол қонақүймен бірге жер телімін сотқа бермек болған, бірақ кейін ол шешімін өзгертіп, талап арызын қайтарып алған. Еске салайық, өткен жылы БАҚ экс-президенттің інісі Болат Назарбаевтың қатты науқастанып, ота кезінде клиникалық өлімге ұшырағанын жазған болатын.