Түркістан облысында 9-сыныптағы оқушы қыздың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды
Қызды айуандықпен өлтірген тағы бір күдікті тергеу абақтысында
Түркістан облысында 9-сынып оқушысын өлтірді деген күдікпен тағы бір жігіт қамауға алынды. Ол-Ордабасы ауданының тұрғыны. "Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыс әрекетін қалай жасағанын оқиға орнынан нақтылап көрсетті. Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК 99 бабы 2-бөлігімен «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде",- дейді Облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Марат Әбдірахманов. Еске салайық, Төрткөл ауылындағы каналдан жасөспірім қыздың мәйіті табылған болатын. Оны өлтірді деген күдікпен бұған дейін 11-сынып оқушысы қамауға алынды.