"Аяғымен тебе жаздады": Роза Әлқожа басынан өткен келеңсіз жағдайды баяндады
Менде бұрын көмекші болған жоқ, дейді әнші.
Бағдарлама жүргізушісі әншге "Роза деген - әдемі гүл. Бірақ оның да тікенектері бар. Сол сияқты сіздің де мінезіңізде "тікенектер" жоқ па?", - деп сұрады. "Розаның тікенегі болмаса, ол гүлдердің сұлтаны болмайтын еді. Ол өзін-өзі қорғау. Әйтпесе бір қырда солып қалатын гүлдің бірі болатын еді, - дейді мінезі жайдары емес екенін тұспалдаған әнші. Өнер иесі басынан өткен келеңсіз жағдай туралы да айтып өтті. "Менде бұрын көмекші болған жоқ. Өзім көлікті де жүргіземін, костюмдерімді өзім ұстап аламын. жалғыз өзім жүретінмін. Бірде Алматы облысындағы бір тойдан шығып келе жатқан кезде менімен ілесе екі ер адам шықты. Екеуі де мас па? Суретке түсемін деп ерегісіп қалды. Біреу екіншісін тебемін деген кезде, яғы маған тие жасздады. Сондай келеңсіз жағдайлар болып тұрады , - деді әнші."