Петропавлда "Халық кеңесінің" үш мүшесі қамауға алынды
Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.
Солтүстік Қазақстан облысында сепаратизмге қатысты іс бойынша сот үш күдіктіні қамауға алды, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Еске салайық, СҚО-дағы "Халық кеңесі" тобына қатысушылардың жиналысы туралы интернет желілердегі хабар бойынша 2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментімен сепаратизм дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталған болатын.