Көкшетауда эскалаторға аяғын қысып алған әйел бес башпайынан айырылды
Көкшетауда орталық базар ғимаратында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалған. Салдарынан дәрігерлер оның бес башпайын кесуге мәжбүр болған, деп хабарлайды "КҮН.КЗ" тілшісі. Агенттіктің мәліметінше, оқыс оқиға Көкшетау қаласы орталық базардағы сауда орталығында болған. Кейін жедел жәрдем 67 жастағы әйелді көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізген. "Әйел эскалатормен түсіп бара жатып, құлап қалған. Аяғын эскалатор механизмі тартып алды. Бес башпайының травматикалық ампутациясы болды", - деп хабарлады агенттік тілшісіне телефон арқылы Ақмола облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий.