Басты жаңалықтар
Ауыл бапкері шәкірттерін Азия чемпионатына апару үшін қайыр сұрап жүр (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- 23 сәуір, 2023
- 350
Ол жыл сайын шәкірттерін жарысқа апару үшін ақша іздей беруден шаршаған
Қостанай облысының Сарыкөл ауданына қарасты Барвинов ауылында бапкер Нұрлан Тайжанов шәкірттерін Азия чемпионатына апару үшін жаңа қадамға барды. Бұл туралы Bassport.kz хабарлады.
Ол гір тасын көтеруден шәкірт тәрбиелеп, 13 жылдан бері ауыл спортын көтеруге тырысып жүр. Соңғы 6 жылын балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне арнаған. Бүгінде Нұрланның қарамағында 30 оқушы жаттығады.
Азия чемпионаты мамырдың алғашқы аптасында өтеді. Бапкер балалардың жол шығынына ақша таппай, қиналып жүр. Себебі балаларын жарысқа жіберетін жол қаражатын ата-аналардың қалтасы көтермейді.
Бапкердің айтуынша, бір баланың барып-қайтуына кемінде 250 мың теңге қажет. Енді ол балаларды жарыстан қалдырмау үшін несие алуды да ойлап жүр.
Астанадағы Қазақстан біріншілігінде 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алдық. Наурыздың соңында тағы 3 алтын, 1 күміс медальға ие болдық. Оқушыларым аудан, облыс құрамаларына үнемі ілігіп жүр. Сонымен қатар Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына да шақырту алады. Енді Азия чемпионатына бару үшін жол қаражаты қажет, – дейді Нұрлан Тайжанов.Айтуынша, ол жыл сайын шәкірттерін жарысқа апару үшін ақша іздей беруден шаршаған. Бұған дейін ауыл халқы, меценаттар көмектесіп келіпті. Егер осылай жалғаса берсе, балаларды жаттықтыруға деген ынта-жігер кетіп қалатынын айтады. Барлық ресурсын жұмсап болған Нұрлан Тайжанов осы жолы креативті видео түсіруді қолға алған.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024