Баян Алагөзова бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевпен арадағы ең алғашқы жанжалдың қалай болғанын айтып берді
Баян Алагөзова бұрынғы күйеуінің өзіне бірінші рет қол көтерген кезін еске алды, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі zhuldyzdy_news сайтына сілтеме жасап. “Ол кезде студент едім. Мен күйеуімнен кетіп қалып, 1 жыл ата-анаммен тұрдым. Себебі ол мені бірінші рет ұрды. Сол жағдайдан кейін ол өзгерді, 20 жыл бойы маған қол көтерген жоқ. Бірақ соңында бәрібір таяқ жедім. Күйеуімнен кетіп қалып, әке-шешемнің үйінде тұрған кезде олардың ешқайсысы маған “Шыда, төзуің керек” деп айтқан емес. Неге қыз шыдау керек? Маған анам: “Бір рет ұрғанда кешірсең, өмір бойы таяқ жеп өтесің” деп айтатын, – дейді продюсер. Баян Алагөзова бұрынғы күйеуімен араласпайтынын, бірақ қыздары мен немересімен көрісіп тұратынын айтты. “Жасыратыны жоқ, бостандыққа шықты. Құдайға шүкір, аман-есен. Мен онымен араласпаймын. Бірақ балаларыммен кездесіп тұрады. Тағы да айтамын, Бақытбектей керемет әкені көрген емеспін. Немересіне менен де жиі барып тұрады. Немересі “ата” дейтін көрінеді. Қызым Айсәуленің айтуынша, немересіне сыйлықтарын, жеміс-жидектерін алып барып тұрады екен”, – деді Баян Алагөзова. Дегенмен продюсер бағдарлама жүргізушісінің “Бақытбекті толық кешірдің бе?” деген сауалына нақты жауап бере алмады. “Мен оны айта алмаймын, себебі маған өте қиын болды. Біз мәдениетті адамдар сияқты ажырасып кеткенде мүмкін кешірер ме едім. Оны толық кешіргенімді сезбеймін. Тіпті ол туралы ойламаймын, өкпе-ренішпен де өмір сүре алмайды екенмін. Сондықтан барлығына шын жүректен бақыт тілеймін”, – дейді атышулы продюсер.