Басты жаңалықтар

Мұхамедиұлының адвокаты: Тергеушілер сотталушының әйелін 111 млн теңгеге алдап соқты

Астанада экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды  "КҮН.КЗ"  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Отырыс барысында сотталушының адвокаты қорғаушы тарап қылмыстық іс материалдарынан "Даму" аудиторлық компаниясының қорытындыларын алып тастауды талап ететінін еске салды. Адвокаттың сөзінше, тергеу аудиторлық қорытындылардағы екі түрлі соманың салдарынан пайда болған 111 миллион теңге айырмашылықты қалай негіздеу керектігін білмеген. "Қарама-қайшылықты жағдайларға сүйене отырып, тергеу органдары алдау арқылы тергеуші сотталушының жұбайы Ысқақованы қамауға алынған Мұхамедиұлының атынан ерікті түрде есеп айырысу шотына 111 млн теңге салуға көндірді. Яғни ол түрмеде отырып ақша салады. Кейіннен Ысқақова ақшаны аударғаннан кейін тергеушінің алдағанын түсініп, мемлекеттік кірістер комитетіне негізсіз аударылған ақшаны қайтару туралы өтінішпен жүгінді. Комитетке осы ақшаны есептеудің заңдылығы туралы сұрау салынды", - деді адвокат. Бұл сауалға жауап ретінде Астананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті Ысқақованың бұл ақшаны өз еркімен салғанын және қате емес екенін айтты. Қайтаруға негіз жоқ, деп хабарлады Антикор. "Соттан 111 млн теңгенің тағдырын шешуді сұраймын. Тергеу органдарының алдау жолымен иемденуіне байланысты оған толық көлемде қайтару туралы қаулы шығарылсын. Бұл ақша туралы айыптау актісінің мәтінінде бірде-бір сөз жоқ", - деді авдокат. Бұған дейін адвокат "Даму" қорытындыларын сынға алған. Оның айтуынша, қорытындылар бірнеше рет түзетілген.

Еске салайық, 2022 жылдың 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музей директоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілді. Бұдан басқа, А. Мұхамедиұлының Мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК, «Қазақ энциклопедиясы» АҚ және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС заңсыз беруге қатыстылығы тексерілді. Іс бойынша төрт айыпталушы бар: Арыстанбек Мұхамедиұлы (Ұлтық музей директоры), Ұлттық музейдің экс-директоры Алмас Нұразхан, “Экспонат” ЖШС директорының орынбасары Азамат Көшенов, “Экспонат” ЖШС бас бухгалтері Айым Сәдуақасова. Бұдан бұрын Арыстанбек Мұхемадиұлыны адвокаты  Мұстақым Төлеев актер Тұңғышбай Жаманқұлов экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлынан кек алу мақсатында оның үстінен арызданғанын мәлімдеген.