Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Із-түзсіз жоғалып кеткен ерлі-зайыптылар 2 айдан бері табылмай жатыр

Із-түзсіз жоғалып кеткен ерлі-зайыптылар 2 айдан бері табылмай жатыр
ашық дереккөз
Алматы облысының Жамбыл ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен жас жұбайлар екі айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. Іздестіру туралы ақпаратты еріктілер әлеуметтік желіде жариялады. 1993 жылы туған Шәкіров Нұрмұхамбет пен 1998 жылы туған Әлмек Әлима 5 наурызда жоғалып кеткен. Ерлі-зайыпты түс ауа сағат 15:00 шамасында Жамбыл ауылы, Жамбыл көшесі, 96 В мекенжайындағы үйден шығып, қайтып оралмаған. Хабар-ошарсыз кеткендердің қайда екені туралы білетіндер +7 701 375 92 91, +7 700 305 05 25 немесе 102 телефондарына хабарласа алады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар