Болат Назарбаевтың бұрыңғы тоқалы өзін сынаған Гүлзира Айдарбековаға жауап берді
Динара Әлжан:"Әрбір ана өзінің баласына жамандық ойламайды"
Әнші Динара Әлжан "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында Қайрат Нұртастың анасы әрі прдюсері Гүлзира Айдарбековаға жауап берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Қанша дегенмен Қайратпен сол кезде араластық, халықтың адамы. Өте талантты, мен оны сыйлаймын. Қанша қиындықтан өтті. Сондықтан анасын да мен түсінемін. Әрбір ана өзінің баласына жамандық ойламайды", - деді әнші. Естеріңізге сала кетейік Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында Болат Назарбаевтың тоқалының мәлімдемесіне пікір білдірген еді. Динара осыған дейінгі берген сұхбатында Қайрат Нұртастың намысына тию ойында жоқ екенін айтты. "Еш ренішім жоқ. Мен тек болған нәрсені айттым", - дейді әнші. Әнші ол сұхбаттан кейін Қайрат Нұртаспен жеке сөйлеспегенінде ескертті. "Уақыт көрсетеді ғой. Мен ол сұхбатта бәрін айтқан жоқпын. Айтылмаған нәрселер де бар. Бірақ оны айтпаймын. Қала берсін", - деді әнші.