Басты жаңалықтар

"Тоқалға кастинг": Күйеуіне екінші әйел іздеген бәйбіше талаптарын ашық айтты

Бәйбіше: Аяқ-қолы балғадай, жұмыстан қашпайтын қыз керек

Күйеуіне екінші әйел іздеген бәйбіше желіде қызу талқылануда, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Өзімен қолғабыс болатын, қолымды ұзартатын патшама тоқал іздеп отырмын. Тоқал болғанда да арық қыздар армандамай-ақ қойсын. Маған топ-томпақ, жаңа піскен бауырсақтай қыз керек. Бірақ, кездеспей тұрып алдын ала қоятын шартым бар. Өйткені мен бәйбішемін ғой. Біріншіден тоқал  келгеннен кейін жоралғысының бәрін қазақша жасаймыз. Некесін оқытамыз. Келгеннен кейін 5 жыл фазендада өмір сүреді. Фазендада 80-90 бас байланып тұрған ірі қара бар, бір атар қой, бір үйір жылқы бар. Қысы-жазы істейтін саяжай бар", - деді бәйбіше. Желі қолданушылары "Малшы құл керек демисің бе?", "Тоқал алса, сені жіберіп қоймасын фазендаға", "Әдейі ешкім келмейтінін біліп айтып тұр ғой", "Ұят ай", деп ойларын жарыса жазуда.