Басты жаңалықтар

Алматыдатау етегінде кәуәп пісірген жігіт 345 мың айыппұл төлейтін болды

Іле Алатау ұлттық паркінде кәуап пісірген алматылық 345 мың теңге айыппұл төлейді. 38 жастағы жігіт тау етегіне мангалын қойып, кәуап пісіруге кіріскенде төтенше жағдайлар қызметі мен полицейлер келіп қалған, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. Ет иісі мұрнына жеткен инспекторлар мұнда жылдам жетті. Дереу тоқтауын талап еткенмен, демалушы келісе қоймай, кәуап қуыруын жалғастыра берген. Амал жоқ, тексерушілердің араласуына тура келді. Заң бұзушы азамат енді бұл әрекеті үшін 345 мың теңге айыппұл төлейді. Алматы қаласының аумағында 20 мың гектарға жуық Іле Алатауы ұлттық паркі орналасқан. Жыл басынан бері екі өрт тіркелген. Орманшылар тұрғындарды қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырады. "Туристердің көбісі шыршаның түбіне барып от жағады, жаңбыр жауған кезде шыршаның асты құрғақ болғаннан кейін олар сол құрғақтың астына барып от жағады. Туристердің ойынша, олар бетін өшіріп кеткенде асты өшпей қалады да, содан кейін жерасты өрті пайда болады",-дейді орманшы Ернар Әділхан.