Ахмет Байтұрсынұлына араша болған өзге ұлт өкілі кім?
Оспанбек түбі сарт болса да, нағыз қазақтың оқығандарының көбіне бергісіз. Саяси іске қатынасып, қазаққа қызмет қылуды өзіне борыш санаған жігіт еді, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Оспанбектің қазаққа қылған қызметтерінің бірі мынау: Қарқаралыда пошта-телеграф канторында тұрған уақытта Ахмет Байтұрсыновтың үстінен үкіметке қарсы адам деп көрсеткен шағым бойынша Семей жанаралы Қарқаралыға телеграм жіберген «Ахмет Байтұрсынұлының үйін тінтіп, абақтыға жап» деп. Бұл телеграмды өзге шенеуніктерден Оспанбек бұрын біліп, жүгіріп маған келіп айтты: «Ақаңа барып, тезірек хабар бер. Үкіметке қарсы қағаздарын тықсын!» деп. Мен барып Ахметтің бар кітап-қағаздарын алып, таң атқанша Қарқаралының тасына апарып, Оспанбек екеуіміз тығып едік. Ертеңінде Ахметті тінтіп, түк таба алмаса да, Семейге айдап жіберіп еді. Шынжы Керейбаев «Сарыарқа» газеті, 2 йануар 1918 жыл, №27