Танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік күйеуімен қалай танысқандығын айтты
Танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік Instagram-дағы парақшасында өзіне қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде жан жолдасымен қалай танысқанын айтып берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі Ол болашақ күйеуімен ортақ досы таныстырғанын айтты. Сонымен қатар, 23 жастағы шахматшы жұбайының қолдауы барда ештеңеден қорықпайтынын да айтты. Ол өзінің жұбын тапқанына ата-анасы да, ата-әжесі де қуанышты екенін жасырмады. 24 сәуірде Жансая Әбдімәлік той суреттерімен бөліскен еді. Танымал спортшының жұбы 34 жастағы Нұрахмет Нұриев болып шықты, ал ол 1 желтоқсаннан бастап "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасы болып қызмет атқарады .