Басты жаңалықтар

Алматылық келіншек өзге ағым жетегіндегі күйеуі екі ұлын африкаға ұрлап кеткен айтып дабыл қақты

Балалардың нағашы әжесі: Күйеубала үшін бәрі харам, мектеп харам, елдің бәрі харам, тұрақты жұмыс істемейді ол

Алматылық келіншек екі жыл бұрын күйеуімен ажырасып кеткен. Арада біраз уақыт өткенде екі баласын экс-күйеуі ойнатуға сұрап алған. Содан бері  3 ай өтсе де анасы шарқ ұрып, балаларын таппай жүр, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап. "Ассаламуалейкум,ана! Енді мен әкеммен бірге тұрамын" деген аудио хабарламаны бала анасына соңғы рет жолдаған. Содан бері әйел балалармен сөйлесе алмаған, олардың әкелерін таппай дал. "3 айдан асты  балаларымды көрмегеніме. Қай жерден іздерімді білмеймін",-деп жылайды келіншек. Әйелдің анасы,яғни әкесі алып хабарсыз кеткен қос бүлдіршіннің нағашы әжесі болса күйеу баласы туралы жан шошырлық ақпарат берді. "Ол бір жерде тиянақты жұмыс істемейді. Жүргені сол қаңғырып. Адамның бәрі харам, мектеп харам, бәрі харам ол үшін. Өз ұстанымы, өз салтынан ауытқымайтын,біржақты адам. Қалай күн көретінін де түсінбейміз",-дейді балалардың нағашы әжесі. Ғазиз Мұхамбетовтың (балалардың әкесі) анасы бағдарлама тілшілерінің сұрақтарына толық, ашылып жауап беруге қарсы болған. Қысқа әрі дөрекі жауап берген. "Мен білмеймін оның қайда, не істеп жүргенін. тек телефон арқылы сөйлесеміз" дейді терезеден тілшілерге айқайлап жауап берген іздеудегі күйеу баланың анасы. Интерпол тілшілерге Ғазиз Мұхамбетовтың Стамбұл арқылы Мароккоға ұшқаны бойынша ақпарат беріпті.