Басты жаңалықтар

Депутат Павел Афанасьев Петропавл атауын өзгерткісі келетіндерді "Мәңгүрттер" деп атады

Ол өзінің телеграм арнасында осыған дейін Украина мен Ресей қақтығысы туралы ақпаратпен бөлісіп, украиналықтарды "нацик" деп жазған

Петропавл қаласының мәслихат депутаты Павел Афанасьевтің телеграм-арнасындағы жазбасы желі қолданушыларына ұнай қойған жоқ. "Қала немесе облыстың атауын өзгерту жөніндегі мәселені біздің қоғамда тыныштық пен халықтың көңіл-күйін, келісім мен интернационализмді бағаламайтындар көтереді. Қалалардың атауын өзгертумен көпұлтты емес, моноұлтты мемлекет құрғысы келетіндер айналысады. Мәңгүрттер, Петропавл атауын өзгертуге жұмылыңдар", - деп жазған депутат.  width= Афанасьевті осы жазбасы үшін айыптап жатқандар көп. Желі қолданушыларының бірі тіпті оны "депутаттықтан қуу керек" деп жазған. Тағы бір айта кетерлігі, бұған дейін депутат халықаралық тақырыптағы белгісіз автордың бірнеше жазбасын бөліскен. Белгісіз автордың жазбасында "Украинадағы неонацизм қалай күшейгені" жазылып, 2014 жылғы Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс Ресей призмасымен суреттеледі. Жазбада украиналықтарды "нацик" деп атайды. Осы жазбаны қалалық депутат "өте қызықты ақпарат" деп телеграм-арнасына бөліскен. дереккөзі:ulysmedia.kz