Гүлмира Сатыбалдыға сот үкім шығарды
Сот Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша шешім шығарды. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. Үкімді бейсенбіде Байқоңыр ауданының N2 астаналық сотының судьясы Кемеңгер Имашев оқыды. Еске салайық, 14 наурызда Астанада Байқоңыр ауданының N2 сотында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды. Гүлмира Сатыбалды адам ұрлады және озбырлық жасады деп айыпталды. Екі кәсіпкер бизнестері рейдерлік жолмен басып алынғанын айтты. Сотталушылар қатарында Гүлмира Сатыбалдыдан бөлек, оның жүргізушісі мен көмекшісі бар. Жәбірленушілер – белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзов және Maxi Bottlers ЖШС бұрынғы иесі Айгүл Мекешева.