Айшолпан Тілеутай жылап тұрып: Flyarystan мені және домбырамды қорлады (видео)
Ақын: Екі қыз жұлқылап маған шамасы жетпегеннен кейін күзетшіні шақырды
Ақын Айшолпан Тілеутай әуежайда Flyarystan қызметкерлері ұшаққа отырғалы тұрған жерінен домбыраны кіргізбей, өзін жұлқылап тастағанын айтып, жылап жіберді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтты, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі.
“Flyarystan компаниясының қызметкерлері “домбыраны ұшаққа кіргізбейсің” деп елдің көзінше мені, сосын домбырамды жұлқылады. Мені жұлқылаған екі қыз маған әлі келмеген соң, күзетті шақырды. Ол қыздардың жағама жабысқанына қарамай домбырамды Астанаға өзіммен бірге ұшақпен алып келдім!
Маған “бұл компания кімдікі екенін білесің бе?” деді. Маған кімдікі болса да бәрібір. Халыққа қызмет ету керек.
Әбден есіріп,елдің құқығын таптап, ақшасын жеп жатқан осы компанияға тоқтау салатын біреу бар ма?!”, - деді ақын.