Зарина Омарова: Күйеуімнің қарамай кеткеніне, маған жоламай жүрген кездеріне шыдадым
Әнші: Үш жасымда ата- анам ажырасқан кезде маған өте қиын болды
Белгілі әнші әрі композитор Марат Омаровтың қызы Зарина Омарова тұрмыс құрған кезде талай қиындықты бастан кешіріп, бала күнде өзіне сөз бергендіктен барынша шыдауға тырысқанын айтты, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. "Менің күйеуім өте тартымды әрі сымбатты жігіт. Құқықтық органда қызмет еткендіктен үй шаруасына, отбасылық дүниелерге уақыты жоқ. Кейде тіпті үйдің бетін көрмейтін кездері болды. Пәтерден көшсек те, отбасымызға қатысты дүниенің барлығы жалғыз менің мойнымда еді. Ол келіп "Көшіп алыпсыңдар ғой" дейтін. Одан бала босанғаннан кейін қатты толдым. Ол мені ешқайда ертіп бармайтын, жаныма жоламайтын, қасыма жатпайтын кездер болды. Екі баламды құшақтап жылаған кездерім болды. Өз-өзіме "Сахнаға ораламын, өзімді қолға аламын" деп сөз бердім. Оған "Ән жаздырасың, барлық жерге қанша керек төлейсің" дедім. Содан міне әдемі болып арықтап алдым. Сахнада жүрмін. Қазір қайта күйеуім мені қызғанады. Қазір өте бақыттымын",-деді Зарина Омарова Аша Матайға берген сұхбатында.