Басты жаңалықтар

Меруерт Өтекешова: Құман сыйлаған гүл әлі сақтаулы

Меруерт Өтекешова:"Бұл әр адамның қолынан келе бермейді"

Қалың қазақ көрерменіне "Қыз Жібек" фильмі арқылы танылған актриса Меруерт Өтекешова отандық бағдарламалардың біріне берген сұхбатында жұбайы актер Құман Тастанбековтың алғашқы сыйлаған құшақ гүлін әлі күнге дейін, сақтап келе жатқанын айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Түсірілім кезінде демалыс болады ғой, сол уақытта маған құшақ гүлін сыйлады. Сол гүлді қалай сақтағанымды білмеймін, бірақ әлі үйде тұр. Бұл әр адамның қолынан келе бермейді, қалай болсада.  Бұны көрген Құман таң қалатын "Сен мынаны қалай сақтадың, деп". Мен сені жақсы көрген соң осы уақытқа дейін  сақтадым, дедім", деп ойын аяқтады актриса. Сұхбат барысында Меруерт Өтекешова жұбайына деген ерекше сезімін баяндап, ескі естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар ата-енесімен 10 жылдай бірге тату-тәтті тұрғанын айтты.