Басты жаңалықтар

Пластикалық ота жасатқан отандық жұлдыздар кімдер?

Бұл бикештер сұлулығын сақтаудың құпиясын жасырғанымен, қырағы көрерменді алдау мүмкін емес.

Сахнада жүргеніне талай жыл болсада сұлулығынан айырылмаған отандық жұлдыздардың сыры неде? Халық арасында көпшілік әншілер пластикалық ота жасатты деген алып-қашпа әңгіме жүр, олай болса KYN.KZ ел алдында ота жасатқанын мойындамайтын жұлдыздарға шолу жасады. Роза Рымбаева Әйгілі әнші апамыз соңғы жылдары қартаюды мүлдем ұмытып кеткен сияқты, керісінше жыл өткен сайын жасарып, ажарланып келеді. Роза ханымды сонау сахнаға алғаш шыққаннан бері танитын қарапайым халық, әншінің пластикалық отаның көмегіне жүгінгеніне сенімді. Дегенмен Роза Қуанышқызы көзіне, бет терісіне ота жасатқанын ешқашан ашық айтқан емес.  width= Баян Алагөзова  width= Осыдан бір жыл бұрын басынан ауыр жағдайды өткізген Баян ханымда пластикалық операция жасатқан болу керек. Бұны қарапайым халық та байқаған . Көпшілік атышулы продюсердің сырт келбетінің қатты өзгеріп кеткендігін  соңғы кездері жиі айтады. Гүлнұр Оразымбетова  width= Кезінде "хит" болған "Қорқыт" әнінің орындаушысы Гүлнұр Оразымбетова да жыл сайын жасарып келеді. Әншінің келбетіндегі өзгерісті қарапайым макияж деп айту қиын. Көпшілік оның Инстаграм парақшасына "Пластикалық ота арқылы құлағыңызды тартқыздыңыз", "Қабағыңызды көтердіңіз" деп айтып жатады. Әнші әрі тележүргізушінің бетіндегі ол өзгерістерді мына суреттерден де байқауға болады.  width= width= Алтынай Жорабаева  width= Төрт бірдей сұлу қыздардың анасы атанған Алтынай Жорабаеваны көпбалалы ана деп айтуға келмес. Себебі әнші жылдар бойы ажарлы келбетін сақтап келеді. Әншінің өзі пышаққа ілінбей ақ жіпті тәсілмен қабағын тарттырғанын талай мәрте айтып берген еді. Тіпті  өзіне сұлу болып қалу үшін көмектескен мамандарды да желіде талай мәрте жарнамалады.  width= Айнұр Тұрсынбаева  width= Белгілі айтыскер ақын бүгінде ерекше өзгерді. Айнұрдың келбетіндегі өзгерісті көпшілік жиі айтады. Дегенмен ақын қыз пластикалық операция туралы сөз қозғаған емес. Ал оның жүзіндегі өзгерісті байқағандар "Қасын үлкейтіп, қабағын тартқызып, ернін үлкейткен" деп жиі айтады.  width= Қарақат Әбілдина  width= Соңғы уақытта басы даудан арылмай жүрген Қарақат Әбілдинаны бес баланың анасы деп ешкім айтпайды. Керісінше жыл сайын жасарып, құлпырып келеді. Әншінің тыңдармандары Қарақат көзіне пластикалық операция жасатты деп ойлайды. Оны әншінің жылдар бойғы суреттерін салыстырған адам бірден байқайды. Неге екені белгісіз әнші пластикалық ота жайлы сөз қозғалса болғаны, "ондайды білмеймін" деп жауап береді. Жеңіс Ысқақова  width= Сыр сұлуы көзіне пластикалық операция жасатқанын бір сұхбатында өзі  айтқан. Оны әншінің тыңдармандары да байқамай қалған жоқ. Жеңіс Ысқақова қабағын көтерткен. Мақпал Исабекова  width= Образын жиі өзгертетін әнші тыңдармандарына пластикалық ота жайлы өзі айтқан. Алғашында жіңішке ерінін түзету мақсатында үлкейткенін де жасырған жоқ. Әйгерім Қалаубаева  width= Кезінде Ертегілер деп сахнаға әндетіп шыққан Әйгерімді бүгінде көпшілігі "ерін жасатып алды", - деп жүргені жасырын емес. Дегенмен халық арасында тараған алып-қашпа әнгіменің рас өтірігін әншінің суретіне қарап та түсінуге болатын сияқты. Ерке Есмахан  width= Гүлбаршын Тергеубекова Танымал дәстүрлі әнші Гүлбаршын Тергеубекованы көпшілік пластикалық операцияның құрбаны  деп жүр. Кезекті отадан кейін әншінің келбетінде үлкен өзгерістер орын алған. Қарапайым халықтың пікірінше Тергеубекова ерінін үлкейткен кезде кәсіби емес мамандарға жолыққан. Содан ауызы қисайып қалыпты-мыс.  width= Айгүл Бабаева Айгүл Бабаева журналистерге берген сұхбатында бетіне ота жасатып, жасара түскенін еш жасырмастан айтқан болатын. Ол ішіндегі майын алдырып, бет терісін тартқызған. Бабаеваның қызы да желіде кеудесін үлкейітіп, қарнындағы майын алдырғанын ашық жазған еді.  width= Ал әншілердің көпшілігі кеудесін үлкейткенін жасырын ұстайды. Желіде оқырман жинауда түрлі тәуекелдерге баратын блогерлер болса ол процессті басынан аяқ көрсетіп, елге өзін қай күні қалай сезініп жатқанына дейін тікелей эфирлерден айтуды әдетке айналдырғалы қашан.