Басты жаңалықтар

Лонданда жұбайымен саяхаттап жүрген Ерке Есмахан Девид Бекхеммен кездескенін айтты

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желісіндегі парақшасында әйгілі футболшы Девид Бекхеммен кездескенін айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Ерке Есмахан жұбайы Raim-мен Лондонда саяхаттап жүр. Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында бөлісті. Stories-терінің бірінде әнші танымал футболшы Дэвид Бекхэмді көріп, суретке түсіріп үлгергенін жазды. Дэвид Бекхэм әйелі Виктория Бекхэммен бірге болған. "Prada Caffe-де күшті болып, отырып кофе, шәй ішеміз деп ойлағанбыз. Оған @davidbeckham ағам жанұясымен келіп қалыпты. Сөйтіп тек өздеріңізбен алып кете аласыздар, деді. @victoriabeckham апам екеуі ертеңгі коронацияға келген-ау", - деп жазды Ерке. Сонымен қатар әнші жұбайымен Лонданға келгендегі басты себебі Post Malone-ның концертін өз көздерімен көру екен.   Еркенін айтуынша кез-келген ғашықтардың өздеріне ғана ортақ сүйікті әншісімен, сүйікті әндері болады. Ал Ерке мен Раймдікі Post Malone. Бұл әншінің әндерімен екі ғашықтың басынан талай қызық оқиғалар өткенін айтты.