Алматыда мопед жүргізушісі жолаушылар мінген қоғамдық көлікке оқ атты
Алматыда мопед айдаған ер адам жолаушылар мінген автобусқа оқ атқан, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Әлеуметтік желілерде тараған видеоның жазбасында ер адам №219 автобусқа оқ атқаны айтылады. Бұған жолдағы жанжал себеп болған.
"Жолдағы жанжал салдарынан мопед жүргізушісі пневматикалық тапаншадан қоғамдық көліктің әйнегіне атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Зардап шеккендер жоқ. Мопедистің кім екені анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.