Маңғыстауда жаңа туған сәбиді сатып жатқан әйел мен алушы қылмыс үстінде ұсталды
Баланы полицейлер сол жерде екі әйелден де алып, балалар үйіне орналастырды
4 мамырда 35 жастағы күдікті жаңа туған нәрестені саудалап, ақша алып жатқан жерінде ұсталды. «Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде заттай айғақтар алынды. Сондай-ақ полицейлер 38 жастағы күдіктіні ұстады, ол жаңа туған нәрестені сатып алған», - деп жазды ІІМ. Олар сәбидің сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласындағы облыстық мамандандырылған балалар үйіне берілгенін қосты. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Әйелдер болса өздерінің қылмыстарын мойындады.