Басты жаңалықтар

Актер Асылбек Боранбаев ұйғыр қызына үйленіп, бақытты өмір кешіп жүргенін айтты

Боранбаев: Балаларым кіммен тұрмыс құрса да мұсылманмен бақытты болса болды

Танымал актер Асылбек Боранбаев  "Алғашқыда" бірінші  рет отбасы жайлы айтты. Бес баланың әкесі өнер жолында жүруін қолдап, жағдайын жасап отырған өмірлік серігіне алғысын айта отырып, біргелікте бес бала тәрбиелеп жатқанын тілге тиек етті, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. "Жұбайдан жолы болған жігіттердің бірімін. Әртістік өміріме шыдайтын бір адам болса, осы жұбайым шығар деп ойлаймын. Ұлты қазақ емес, ұйғыр. Бірақ шешесі - қазақ, отбасымен барлығы қазақша сөйлейді. Қазақ мектебінде оқыған. Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ та берген. Жаны қазақ. Бес баланың әкесімін.Қандай ұлт өкілі болмасын, мұсылманның қызынан алып, мұсылманның жігітіне тиіп жатса, қатты бір қарсылығым жоқ. Бірақ дей тұрғанмен өзіміздің қазақтан алған дұрыс қой", - дейді актер.