Басты жаңалықтар

Қыран Талапбектің жаңа сүйіктісі бұрыңғы жұбайымен неге ажырасқанын айтты

Гүлзада Тұрлаш:"Көп уақыт жауап бергім келмеді"

Танымал мобилограф Қыран Талапбектің қазіргі ғашығы бұрыңғы жұбайымен не себепті ажырасқанын, Soul üşın YouTube-арнасында айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Гүлзада Тұрлаштың айтуынша бұрыңғы күйеуі екеуі балалықпен, аңғармай шаңырақ көтерген. "Бұл сұраққа өте көп уақыт жауап бергім келмеді. Бірақ оны жасырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бүкіл халықтың алдында жүргеннен кейін ондай заттар айтылуы қажет. Біріншіден, 16 жасымда сериалға түсе бастадым. 17 жасымда кезіктірдім. Одан кейін тұрмысқа шығуға ұсыныс түсті. Менің ата-анамның тәрбиесі - қазақи тәрбие. Мені өте қатал жанұяда өсірген. Анам өмір бойы "алғаш білегіңді ұстаған жігіт сені тұрмысқа алуы керек" деп айтатын. Кешкі сағат 6-7-ге дейін шығатынмын. Соның себебі ме, білмеймін, жақын сөйлескен жігітіме тұрмысқа шықтым. Психологияда да бар, өміріңде бір адаммен бір-ақ минут жақсы уақыт өткізсең, ол адам туралы жаман айту дұрыс емес деп ойлаймын. Сондықтан біреуді балағаттап айтқым келмейді. Мен де жас болдым, ол да жас болды. Өте көп қателік өткіздік басымыздан. Тек бақыт тілеймін", - дейді актриса . Сұхбат барысында Гүлзада қазіргі сүйіктісі Қыранмен ара-қатынасы жақсы екенін, бір-біріне толық сенім білдіретінін, қызғаншақтыққа жол бермейтінін айтты.