Әнші Абай Бегей көпшіліктен сүйінші сұрап, жағымды жаңалығымен бөлісті
Әнші алтыншы рет әке атанғанын айтты
танымал әнші Абай бегей желідегі парақшасында сүйіншілі жаңалығымен бөлісті, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. Ол ұлына ерекше есім берген. "Аллаға сансыз шүкір! Тағы да ұлды болдым. Сіздерге де жұғысты болсын. Қазағымның әр бір шаңырағынан сәби үні кетпесін. Ибраһим Абайұлы", - деп жазды Абай Бегей. Көпшілік әншінің қуанышына орай ақ тілектерін жаудырып, балаға денсаулық, отбасына жақсылық тілеп жатыр.