Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нұрлан имам киноға түскенін сынағандарға: Қажет болса моншаға барып насихат айтамын

Нұрлан имам киноға түскенін сынағандарға: Қажет болса моншаға барып насихат айтамын
ашық дереккөз
Нұрлан имам шақыртумен Түркияда түрік тілінде, Қырғызстанда қырғыз тілінде, Өзбекстанда өзбек тілінде уағыз айтып жүр екен.
Танымал қоғам белсендісі Нұрлан Байжігітұлы "Түнгі студия" бағдарламасында жаңалығымен бөлісті, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. Телебағдарламада Нұрлан Байжігітұлы 11 мамырда премьерасы болатын "Күйеуіме тоқал іздеймін" атты кинаға түскенін жария етті. "Біз киноға түстік. Ол жерде кішкене ғана эпизодтық бөлім. Өтініштер бар. Қалай болғанда да, киномен бе?... Біреулер айтады маған: "бір күні базарға барып айтарсың" дейді. Базар тұрмақ, моншаға да барып айтуға дайынмын. Егер менің қажетім керек болса, тап сол жерге барып айтуға, дінді насихаттауға дайынмын", - дейді Нұрлан имам. Сонымен қатар танымал имам "алдағы уақытта киноны өзіңіз түсіресіз бе?" деген сұраққа жауап берді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар