Алматы облысында әкесі мен төрт бала қайтыс болды:марқұмдар неден уланғаны айтылды
Алматы облысында бір отбасының 5 адамын жалмаған улы зат көміртегі тотығы болуы мүмкін. 4 мамыр күні сағат 16:00 шамасында Қарасай ауданының Полиция бөліміне Көлащы ауылында 6 адам белгісіз заттан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға салдарынан 1984 жылғы ер адам және 2008, 2010, 2013 және 2018 жылғы төрт бала қайтыс болды. 1985 жылғы әйел Шамалған ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек дереу аудандық полицияда тіркелді. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада. Айта кетейік, тергеудің толықтығы үшін Алматы облысының ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы, Газ қызметі және СЭҚ шақырылды. Түпкілікті шешім тағайындалған сараптамалық тексерулердің нәтижелері бойынша қабылданады. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған.