Танымал әнші Шахизаданың төртінші күйеуі бұрынғы әйелімен қайта қосылды
Ерболат Ержанбаев:"Жүрегімнің ішіндегі жүрегім. Үш ұлымның аяулы анасы"
Танымал әнші Шахизада жақында қайтадан тұрмыс құрғанын айтқан еді. Алайда әлеуметтік желіде әншінің жұбайы Ерболат Ержанбаев өзінің бұрыңғы әйелімен түскен суреттерін жүктеп жазба қалдырды, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Жүрегімнің ішіндегі жүрегім. Үш ұлымның аяулы анасы. Есімі - Мереке. Біз бақытты жандармыз. Аллаға сансыз шүкір. Бізде бәрі жақсы", - деп жазды Ерболат Ержанбаев. Алайда оқырмандары мұны түсінбей жатыр. Өйткені ол Шахизадамен түскен суреттерін де өшірмеген. Ол қатынасы туралы ашып ештеңе айтпады. "Әйелің бала-шағаң бар екені енді есіңе түсті ме?", "Ойнап болса да олай жасауға болмайды", "Шахизада қуып жіберді ме?", "Не болса да Шахизаданың арқасында танып қалдық", "Хайпажор", "Бәсе, сенбеп едім",- деп ойларын ортаға салып жарыса жазуда. Алайда Шахизада бұл туралы ешқандай мәлімдеме жасамады.