Шымкентте салмағы 6 келіден асатын бала дүниеге келді
Бойы 63см бала кесер тілігі арқылы дүниеге келді
2023 жылғы 3 ақпанда Шымкенттегі перинаталдық орталықта салмағы 6 келі 50 грамм бала дүниеге келді. Баланың туған кездегі бойы 63 сантиметр болған. Анасына кесар тілігі арқылы ота жасалған. Дәрігерлердің айтуынша, бұл - оның екінші баласы. Операция сәтті өткен, бала мен ананың жағдайы жақсы. «Перинаталдық орталығымызда күн сайын 30-дан астам сәби дүниеге келеді. 2023 жылғы 3 ақпанда бізге жүктіліктің 39-аптасындағы әйел түсті. Тексере келе іштегі нәрестенің өте үлкен екенін анықтадық. Содан кеңесіп, кесар тілігі арқылы босандыру керек деп шештік. Операция сәтті аяқталды. Содан кейін ана мен бала 5 күн бойы біздің бақылауымызда болды, содан кейін шығарылды»,- дейді акушер-гинеколог Данияр Жарқынов.