Басты жаңалықтар
"Басқа еркекпен ұстап алған": Мақпал Жүнісова мен Құралай Заманбекқызы ашық ұрысқа шықты
- автор kyn.kz
- 12 мамыр, 2023
- 1.3k
Құралай: Ол әйел менің ашуым ұстаса қандай боларымды біледі, соңғы сөзі дұрыс болмады
Құралай Заманбекқызы мен Мақпал Жүнісова желіде жанжалдасып, көпшіліктің назарын өздеріне аударды. Мақпал Жүнісова желіде өзіне сұрақ қойған оқырманына, марқұм Нұрқаділовтің бірінші әйеліне қатысты ұятты шындықты жайып салған болатын, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі.
"Зәкең кезінде әйелін басқа еркекпен ұстап алған. Көзінің тірісінде басқа байда болды ғой. Олда қашып құтылды. Қызы да бес байға шыққан",-дейді мақпал Жүнісова.
Мұндай жауапты күтпеген Құралай Нұрқаділова желіде әншіге зілді жауап қатты.
"Тіпті ұяты жоқ ол әйелдің. Үндемей жүруге тырысасың. Бірақ үндемей қалу мүмкін емес. Анам сонша жыл үндемей келді. Жазғаны дұрыс емес. Ол менімен ойнап жүр. Менің мінезімді біледі. Ашуланып кетуім мүмкін. Бекер істеді", - дейді өзінің видео жауабында Құралай Нұрқаділова.
Мақпал Жүнісова Ұлттық арнада берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділовтің бірінші отбасынан өзіне тыныштық беруін сұраған еді. Ол өз сөінде саясаткердің заңды әйелі өзі екенін баса айтты.