Басты жаңалықтар

"Сенің маған пышақ салғаныңды білетіндер тірі":Мақпал Жүнісова өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты

Мақпал Жүнісова:"Сол кезде марқұм әкең құтқарып қалған сені, енді әкеңнің аруағын сыйла"

Қазақ эстрадасының ерке қызы, танымал әнші Мақпал Жүнісова өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып дабыл қағуда, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Мақпал өзінің желідегі парақшасында Құралай Нұрқаділованың қоқан-лоққы көрсеткенін ашып айтқан. Ондағы бейнежазбада Құралай Нұрқаділованың үндемейтінін, енді бәрін ашық айтатынын анық көруге болады. «Ұяты жоқ әйел, үндемеуге тырысасың, бірақ айтуға тура келіп тұр. Сұхбат беріпті, анам қанша жыл үндемей келді. Енді үндемейміз. Ол кісі жай ғана айтпаған, өте әдепсіз айтқан. Ол менің мінезімді біледі ғой, шындығында мен қатты ашулануым мүмкін», - дейді ол. Ал Жүнісованың өзі аталған видеоға қатысты мынадай жазба қалдырған. «Мені қорқытпаңдар, сенің маған пышақ салғаныңды білетіндер тірі, сол кезде марқұм әкең құтқарып қалған сені, енді әкеңнің аруағын сыйла. Менің өміріме, қызыма қауіп төнген сияқты. Алла сақтасын, достарым дұғада болыңыздар», - деп жазған ол. Мақпал Жүнісова Ұлттық арнада берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділовтің бірінші отбасынан өзіне тыныштық беруін сұраған еді. Ол өз сөінде саясаткердің заңды әйелі өзі екенін баса айтқан еді.