Басты жаңалықтар

Ерке Есмахан үлкен той жасауға не себепті қорқатынын айтты

Әнші көпшілікке неке куәлігін көрсетті

Көпшілік Ерке мен Раймның неке қиған сәтін көргеннен кейін "үлкен той қашан болады?" деген сұрақтарын жаудырған еді. Қос жұлдыз еш салтанатсыз Алматының Түркісіб ауданындағы АХАТ бөлімінде заңды түрде некелерін қидырып, куәліктерін алған екен. Ерке Есмахан алдағы уақытта той көйлегін киіп, фотосессия жасайтынын айтқан, бірақ той жасайтын ниеті жоқ екен. "Той болмайды! Ақылдаса келе солай шештік. Біздің той тағы у-шу, телефон ұстаған қонақтар, тікелей эфирлер, тағысын тағы. Ойласам шаршаймын. Тойсыз-ақ бақытты жанұя болып, балалы-шағалы болып, сосын 5-10 жылдық той жасармыз. Алла жазсын", - деп жауап берді әнші.