Аша Матай 32 келі артық салмақтан қалай арылғанын айтып, құпиясымен бөлісті
Аша Матай:"Арықтататын дәрі ешқашан ішпеңіздер"
Танымал тележүргізуші Аша Матай артық салмақтан қалай құтылғандығын айтып, құпиясымен "Қыздар-ай" бағдарламасында бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. “Маған көрермендер артық салмақтан қалай арылғаным туралы сұрақты жиі қойып тұрады. Менің бойым 158 сантиметр, тұрмыс құрған кезде салмағым 47 келі болды. Бала көтерген соң 52 келіге дейін бардым. Одан соң 32 келі салмақ қостым. Арғы жағын өздеріңіз есептей беріңіздер. Мен үшін бұл қорқыныш болды. Себебі мен домаланып, ісініп жүрдім. Спортпен айналыстым, дұрыс тамақтандым деп нақты айта алмаймын. Негізі қозғалыс керек. Арықтататын дәрі де іштім. Сіздерге айтарым, ешқашан ішпеңіздер. Күніне екі рет іштім, содан дәретханадан шыға алмай қалдым”, – деді тележүргізуші. Бағдарлама барысында Аша Матай алаяқтар арықтататын дәрілерге суретін қойып, жалған жарнама жасағандар туралы да айтты. “Қандай дәрі екенін білмеймін, менің суретімді алып, сыртына жабыстырып қояды. “Осы дәрі арқылы Аша Матай арықтады. Сатып алыңыздар” деп нөмірлерін жазып, қызық болған. Ондайға сенбеңіздер, өтірік жарнама”, – деп түйіндеді Аша Матай.