Төреғали Төреәлінің қарындасы мен күйеу баласы суға мұқтаж африкалықтарға құдық қазып берді
Дархан: Бұл менің бала күнгі арманым еді
Спортшы Дархан Нортаев пен блогер Фариза Төреәлі суға мұқтаж африка халқына құдық қазып берді. Бұл жөнінде Дархан өзінің Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды "КҮН.КЗ" тілшісі. "Бала кезімде әкеммен бірге National Geographic арнасын жиі көретінмін. Сол кезде Африканың табиғатына қызығып және сол жақтағы халыққа көмектескім келетін. Есейген сайын оның бәрі ұмытылып кетті. 4 ай бұрын Меккеге барғанымда, Алла белгі бергендей телефоннан құдық жайлы видео шықты, маған арманымды еске түсіргендей болды. Сол сәтте құдық салып берейік деп шештік. Ал бүгінгі таңда аманатымыз толық жұмысын атқарып, адамдар таза сумен сусындап жатыр", - деп жазды джиу-джитсу шебері Дархан Нортаев. Ел алдында жүрген сүйкімді жұптың жақсылығына дүйім жұрт қуанып, ақ тілектерін ақтарып жатыр.