Алматыдағы №133 мектеп - гимназиясының оқушысы мұғалімі өзін балағаттап, соққыға жыққанын айтты (видео)
Оқушы: Мен осынша жыл шыдап келдім, сыңарымды "Қатын,голубой" дегеніне шыдамастан ата-анама айттым
Алматы қаласына қарасты Әуезов ауданындағы №133 мектеп - гимназиясының оқушысы мұғалімдерден бірнеше жыл бойы озбырлық көріп, бүгінде шыдамы таусылғанын айтты. Қыз баланың сөзінше 5-сыныптан бері мұғалімнің кемсіту, қол көтеру әрекеттеріне шыдап келген. Енді мән- жайды ата- анасына айтып, құзырлы органдардан көмек сұрап отыр, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. Оқушының сөзінше кикілжің соңғы үш жылдан бері басталған. "Қолымнан жұлқылап, сілкіп тастады. Сол сәтте жедел жәрдем шақырып, рентген түсірілім жасатып алдым. Мұғалімнің сол әрекетінен кейін қолымда әлі күнге ауырсыну бар, түні бойы ауырды. Ол кісі "Ата-аналарың түк істей алмайды, бәрі мен жақта" деді. Енді директор бізге кешірім беріңіздер деп отыр. Бұл жерде Нұргүл ханымды бәрі қорғап тұр. Ол кісі түрлі қорқыту, мазақ ету әңгімелерін айтады. Нұргүл Нүсіпжанова балдарды ұрады, балағаттайды, тақтаға шығарып қойып кемсітеді",-дейді оқушы. Оқиға жайлы оқушы қыз мектеп алдында тұрып видео үндеу жазды. Видеоны Телеграм арнамыздан көре аласыздар.