Мақпал Исабекова: "Тым болмаса қолтаңбасын алғым келді"
Мақпал Исабекова:"Байқаудан өтпесемде, Батырхан Шүкеновты қатты көргім келді"
Отандық бағдарламалардың бірінде танымал әнші Мақпал Исабекова сазгер Батырхан Шүкенов туралы естеліктерімен бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Анам "Super Star" жобасында бағымды сынап көруді ұсынды. Онда қазылар алқасының бірі болып Батырхан Шүкеновтың отыратынын айтты. Тым құрмағанда сүйікті әншімнің менің дауысыма деген пікірін тыңдап, қолтаңба аламын деп ойладым. Мен тіпті өтпесемде, Батырды қатты көргім келді. Анам менің Батырдың "А студио" тобының жанкүйері екенімді білетін. 2003 жылы маған касета сатып алып берді. Мен сол арқылы өлеңдерінің барлығын жаттап. Дайындалып бардым",- дейді әнші. Айта кетейік, байқау барысында Исабекованың "Отан ана" әні Батырхан Шүкеновтың көңілінен шығып, әншіге оң бағасын берген еді. Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Қызмет жолын Роза Рымбаеваның концерттік ұжымында саксафоншы болып бастаған. 1988 жылы Батырхан достарымен бірге "А'Студио" тобын құрып, бір жыл ішінде "Джулия" әнімен аты шыққан болатын. Бүкіл ТМД елдеріне Алла Пугачеваның Рождестволық кештерінде ән шырқауымен танымал болды. Батырхан Шүкенов БҰҰ-ның Балалар қоры ЮНИСЕФ-тің Ізгілік елшісі қызметін атқарды. Танымал әнші сазгер 2015 жылы 28 сәуірде өмірден өтті.