Алмат Сақатов: Арыстанбек Мұхамедиұлы "Еңбек сіңірген әртісі" атағы үшін $5 000 сұрады
Алмат Сақатов: "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын 25-26 жастағы балалар алып алған
Танымал актер, ысқақшы Алмат Сақатов El.kz сайтына берген сұхбатында, Арыстанбек Мұхамедиұлының Еңбек сіңірген әртісі атағына 5 000 доллар сұрағанын айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. “Негізі атақ алғым келмейді, егер бере қалса бас тартпаймын. Пендеміз ғой, кейбір кезде кеше ғана сахнаға шығып, алты өлең айтып жүргендердің ішінде ел білетін үш әнші "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атақ алып жатады. Бір концертте “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” деп хабарлағанда 25-26 жастағы бала шығады. 30 жыл сахнада жүрмін. Бауыржан шоуда жүрдік, қиын кезде жүрдік, қаншама киноға түстік, спектакльдер қойдық, тележобаларға қатыстық бірақ атақты сатып алу керек. "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағының құны Арыстан Мұхамедиұлы бастық болып тұрған кезде 5000 доллар болды. Маған: "5000 доллар бересің, ертең осы атақты алып беремін" деп ашығын айтты. Алмаймын, ол ақшаға ешқандай пайдасы жоқ. Оған бергенше бала-шағама берейін ол ақшаны", - деп түйіндеді Алмат Сақатов.