Басты жаңалықтар

Димаш Құдайберген Малазияда жеке шығармашылық кешін өткізеді

Бүкіл әлемге аты мәшһүр  Димаш Құдайбергеннің «Stranger» шоуы жаһанды шарлап жүр. 24 маусымда Куала-Лумпурде әншінің жеке концерті өтеді, деп хабарлайды  Dimashnews.com.  деп жазды KYN.KZ тілшісі. Шоу әйгілі Axiata Arena Bukit Jalil стадионында сағат 20:30-да басталады. Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің «Stranger» шоуы 6-шы мамыр күні Түркияда Antalya Expo Kongre Merkezi-де өткен болатын. Шоуға әлемнің 44 елінен көрермендер келді. Түркиялықтар онда Димашқа өз елінің ұлттық аспабын сыйға тартты.