Ташкенттегі әлем чемпионатында жаппай тәртіпсіздік болды
Бүкіл әлемнің назарын аудартқан Ташкенттегі бокстан әлем чемпионатында жаппай тәртіпсіздік орын алды, деп жазды KYN.KZ тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Турнир халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) қолдауымен өтті. Оның басшысы ресейлік Умар Кремлев. Бұл жарыста IBA Ресей командаларына қатысып, әнұранын шырқауға рұқсат берді. Осыған байланысты әлем чемпионатына Ұлыбритания, АҚШ, Ирландия, Чехия, Канада, Швеция, Жаңа Зеландия бойкот жариялады. Ташкентте түсірілген кадрлардың бірінен жанкүйерлер орындықтардан секіріп, рингке қарай жүгіріп бара жатқанын көруге болады. Тағы бір видеода жергілікті көрермендердің бокс қолғаптарын алып кетіп бара жатқан сәті түсіп қалған.