Боксшылардың әлем чемпионатындағы жеңісі үшін қанша сыйақы алғаны айтылды
Алтын - 200 000 долларға, күміс-100 000 долларға бағаланды
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Ташкентте өткен әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды. Оның төртеуі-алтын және біреуі-күміс, деп жазды KYN.KZ тілшісі sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Осы марапаттар үшін қазақстандық боксшылар халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) қомақты қаражат алады. Мысалы алтын - 200 000 долларға, күміс-100 000 долларға бағаланады.
Сонымен қатар чемпиондарды Қазақстан бокс федерациясы құр алақан қалдырмайды. Оларға қосымша 100 000 доллардан төлейді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирдің жалпы жеңімпаздары мен жүлдегерлері 1 300 000 доллар табыс тапты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда әлем чемпионы атанған Санжар Ташкенбай (48 кг), Махмуд Сабырхан (54 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг) және Нұрбек Оралбай (80 кг), күміс жүлдегер Дулат Бекбауов (67 кг).