Бүгін әуежайдан елге оралған боксшыларды халық салтанатты түрде қарсы алды
Бүгін әуежайдан Мәдениет және спорт министрімен бірге көпшілік боксшыларды сырнайлатып, кернейлетіп қарсы алды, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Ташкентте өткен әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды. Оның төртеуі - алтын және біреуі - күміс. Аталған марапаттар үшін қазақстандық боксшылар халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) қомақты қаражат алады. Мысалы, алтын - 200 000 долларға, күміс - 100 000 долларға бағаланады. Сонымен қатар, Қазақстан бокс федерациясы да чемпиондарды құр алақан қалдырмайды. Оларға қосымша 100 000 доллардан төленеді. Естеріңізге сала кетейік, Санжар Тәшкенбай (48 кг), Махмуд Сабырхан (54 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг) және Нұрбек Оралбай (80 кг)әлем чемпиондары атанса, Дулат Бекбауов (67 кг) күміс медаль еншіледі.