Жұбайымның 40 миллионнан астам қарызы барын білдім
Күйеуіме ақша берсем ғана жақсымын.
Қайырлы күн. Алматы облысынан жазып тұрмын. Есімімді құпия күйінде қалдырсам. Шаңырағым шайқалудың алдында тұр. Не істесем болады? KYN.KZ ақпарат агенттігінің "Үшбухат" айдарынан аға-әпкелерімізден ақыл кеңес сұрау мақсатында жазып отырмын. "Тамыз айында тұрмысқа шыққаныма бір жыл болады. Жұбайым екеуміз 3 жыл кездесіп жүрдік. Құмар ойын ойнайтынын білетінмін, үйленген соң 40 миллионнан артық қарызы бар екенін білдім. Ол аз десеңіз соңғы кездері мені балағаттап аузына келгенін айтатынды шығарды. Тіпті менің атыма несие рәсімдеді. Қазір ол қарызды өзі жауып отыр оған да шүкір. Қол көтеруді шығарды. Осымен төртінші рет жұдырығын ала жүгіріп, мұрнымды көгертті. Ол кезде аяғым ауыр ішімдегі баланы да аямады. Қазір Аллаға мыңда бір шүкір, аман-есен босандым. Енді мемлекет тарапынан түсетін әлеуметтік көмектің ақшасын көздеп отыр. Ақшам әлі түспеседе жартысын қарызға беретінімізді білемін. Жолдасым үйге үш айдан асты көк тиын әкелмеді. Осындай күйзелістердің кесірінен разрывпен босандым, "маған өтірік ауырасың",дейді. "Ажырасам, сені баламен ешкім алмайды", деп қорқытады. Қанша рет қолымды бір сілтеп кетіп қалғым келді. Бірақ бәріне шыдадым. Ата-анам мені қолдап отыр. Күйеуіме ақша берсем ғана жақсымын. Ал ,егер ақша жіберсем бірден барып, құмар ойын ойнайды. Туған-туысқандарымыз, достарымыз барлығына қарыз. Өзі әскери адам. Сүйіп қосылған адамым сыйлаудан қалды. Арамызда суып кетті. Менің бар жазығым құмар ойыннан бас тарт дегенім ба?. Ажыраспай осы мәселелерді шешкім келеді. Бірақ оны түсініп жатқан тірі жан жоқ. Оған бәрібір, білгенін істеп жүр. Не істесем болады? Шыдауым керек пе әлде барлығын осы жерден тоқтатқаным дұрыс па?", деп жазды оқырман. Өзіңізді мазалаған мәселе немесе қызықты оқиғаларыңыз болса+7 777 084 09 65 нөмірге жазып бөлісе аласыз. Құрметті оқырмандар сіздердің хаттарыңызды асыға күтеміз!